«Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған қосымшалар құру»

Similar documents
Операциялық жүйелер ОРЫНДАҒАН : РАХИМБЕКОВА А.С. ТЕКСЕРГЕН : ЖАКСЫГУЛОВА Д.Д. ТОП : БЛ-509

Тақырыбы:Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі.

MS DOS/Windows,UNIX,LINUX

*Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі. Кыдырбекова Айғаным Адлетовна БЖ-515

Операциялы қ жүйелер, түрлері, қ ызметі. ан: Муратов Адилет

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

1)Кіріспе 2)Негізгі бөлім 3)Қорытыңды 4)Пайдаланылған әдебиеттер

Тақырыбы: Операциялы қ жүйелер, түрлері, қызметі.

*Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер. Кыдырбекова Айғаным Адлетовна БЖ-515

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. Ақпараттық технологиялар институты

Дәрістік сабақтардың конспектілері

LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Тақырыбы: Операциялық жүйелер және түрлері. Орындаған: Омирханова А.Е. Тексерген: Мейрамбек Ә.М. Семей, 2015 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПОӘК

Қазақ стан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласыны ң Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

Бағдарламалы жасақтама. Операциялы қ жүйелер.

Нұсқаулық. Нұсқаулық тарауына өту үшін төмендегі қойындылардың бірін таңдаңыз. ImageBrowser EX. CameraWindow

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар. Информатика. 5 сынып

Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа.

Дәрістер тезистері 1-Дәріс Тақырыбы: Ақпарат, адам және компьютер. Ақпаратты кодтау. Санау жүйесі.

ЦИФРЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ЕНГІЗУ ЖƏНЕ ӨҢДЕУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Компьютерлік вирус здігінен к б еюге а білетті арнайы программалар. Ол компьютер жадысында талатын программалар мен файлдарды

«BLACKBERRY» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДЫ ҚОЛДАНЫЛУЫНА ЛИЦЕНЗИОНДЫҚ КЕЛІСІМ

Қолданушының нұсқасы. GoGEAR. Көмектесу үшін әрдайым осындамын SA5DOT02 SA5DOT04 SA5DOT08

ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ АППАРАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.

Бұл нұсқаулық көптеген модельдерге бірдей болатын мүмкіндіктерін сипаттайды. Кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде жұмыс істемеуі мүмкін.

Серіктестік шарты. заңды тұлға

«Информатика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы. 5-сынып

Компанияда адам құқықтарын жүзеге асыру Əрекет жоспары 1

Математика факультети

ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНЫЦ ЖУЙЕС1

Компьютерлік вирустар және антивирустар. ВС-503 Жакуляева М.Б.

Бұл нұсқаулық көптеген модельдерге бірдей болатын мүмкіндіктерін сипаттайды. Кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде жұмыс істемеуі мүмкін.

«ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БІРІНШІ ОБЛИГАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМ ПРОСПЕКТІСІНЕ 13 ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

Пайдаланушы нұсқаулығы

Пайдаланушы нұсқаулығы

CONTEMPORARY STRATEGY ANALYSIS

Бұл нұсқаулықты пайдалану жолы: 1

Бизнес әлемін жетілдірудеміз. Біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы жыл үшін жылдық есеп. 1-шi томы

Integrating SAS and Geographic Information Systems for Regional Land Use Planning

Cloud GIS Real Estate Management, Appraisal and Development Service USING ESRIs ARCGIS SERVER

DS0444 AP Allocations

Engr. Juan P. Fernandez, Jr. Chief, Surveys and Mapping Division DENR Region-3 Club Royale Hotel, Malolos, Bulacan February 27,2016

Demonstration Properties for the TAUREAN Residential Valuation System

MRI Commercial Management For Web Operational Training Guide Version 4.2

IAS 4.0 Cost & Income Valuation Guide

Capital One Escrow Express SM Reference Guide

WinTar-Tenant Accts Receivable User' s Guide

ARGUS Valuation Capitalisation. v Change History

RPSV4 Users ORPTS Regional Directors and Managers ORPTS Customer Relationship Managers ORPTS Regional V4 Support Staff

ADDENDUM #2_RFP # Computer Mass Appraisal (CAMA) Software for HC Assessor Department

LRIMS Cadastre Module

GAUSSCAD A WEBGIS APPLICATION FOR COLLECTING CADASTRAL DATA

LADM Implementation Prototype for 3D Cadastre Information System of Multi-Level Apartment in Indonesia

User Guide and Training Manual

A Complete, Free Solution for Cadastral Map Management

Using ArcGIS Server for National Property Information System

etrac Guide Enhanced Appraiser Scoring Global DMS, 1555 Bustard Road, Suite 300, Lansdale, PA , All Rights Reserved.

Features Guide. Enhancements. Mortgage Calculators VERSION 7. May 2008

DMS Authority Online. User s Manual

Uniform Collateral Data Portal (UCDP) General User Guide October 2017

Listing Load Manual. for. Staff

WinTen² Section 8 Desktop Inspections

Six Steps to a Completed Appraisal Report

WCMS User s Guide. Effective August, 2013

Comparables Sales Price (Old Version)

Mining Rehabilitation Fund (MRF)

Homeowner s Exemption (HOE)

RealEC Interface with Closing Market. The Settlement Industry s Digital Marketplace

Abila MIP Fund Accounting TM. Encumbrances STUDENT WORKBOOK ABILA LEARNING SERVICES. Important Notice:

Universal Geo-database Connector Interface Component (UG-CIC) For Virtual Web-base GIS Server Essential For Real Estate Industry Uses

GeoWarehouse Land Registry. Teranet Enterprises Inc.

Glenn Matthews Director: Business Development Natural Resources. Landfolio - Competitor Monitoring Solutions

Asset. Capital Asset Management Module. Asset Lookup Form

PEGA PLATFORM. Pega Multitenancy Administration Guide

ForeclosureRadar iphone App

OQOOD Off-Plan Property Management Solution

2016 Resource - FG Fixed Assets 3/29/2016

Introduction of the Authority Online Housing Credit Management System (HCMS)

@Value Narrative Appraisal Software User's Guide and Help Manual Version 2.0

MARTIN COUNTY PROPERTY APPRAISER LAUREL KELLY, CFA

MULTI-TENANT SOLUTION GUIDE

Introduction to Property Management

Regional Housing Trends

PROPOSED AMENDMENTS TO HOUSE BILL 2801

Regression + For Real Estate Professionals with Market Conditions Module

Implementation Success with

BULGARIAN CADASTRE A GUARANTEE FOR THE OWNERSHIP RIGHTS IN IMMOVABLE PROPERTIES

OnePlace CMA User s Guide. Creating a CMA using the OnePlace CMA module.

Step By Step Guide. Release Version 14.0 August 21 st, 2008

ILLINOIS HOUSING DEVELOPMENT AUTHORITY INFORMATION TECHNOLOGY DEVELOPMENT AUTHORITY_ONLINE_TENANT_EVENT_GUIDE.DOC

MARS Doctor User Guide Primary Care

ArcCadastre Implementations within the Middle East

Illinois Farmland Sales Database

Tutorial - Part IV Applications Serena Villata

Oracle Property Manager

SOFTWARE ARCHITECTURE

The list below shows the errors that can occur during submission, as well as some details about each one.

Transcription:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК «Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған қосымшалар құру» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары 1 басылым 18.09.2013ж ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 «Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған қосымшалар құру» ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013

40 беттің 2-сі МАЗМҰНЫ 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 4. Студенттің өздік жұмысы

40 беттің 3-сі 1. ГЛОССАРИЙ Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған: 1.1. DELPHI Windows операциялық жүйесінің ортасында жұмыс істеуге қалыптанған программаларды құруға арналған біртұтас орта. 1.2. Объект - бізді қоршаған әлемнің белгілі бір бөлігі. Объекті-қалыптамалы программа бұл объектілер және олардың қарым-қатынас әдістерінің жиынтығы. 1.3. Қалып - Windows терезесі бола алатын, оның барлық қасиеттерін қабылдайтын, басқа компоненттер орналастыруға арналған компонентті айтады. 1.4. Қасиет - қалыпқа орналасқан компоненттің мазмұнын ашатын белгілерді айтуға болады. 1.5. Оқиға деп компонентке қатысты орындалатын әр түрлі әрекеттерді айтуға болады. 1.6. Жоба тұтастай қосымшамен байланысқан бастапқы программалар мен файлдардың жиынтығы. 1.7. Форма үстіне басқа объектілер орналасатын объект. Кез келген жобамен келесі файлдар байланысты. 1.8. TАpplication класы орындалып отырған қосымщаларды басқаруды жүзеге асырады. 1.9. Application айнымалысы ауқымды айнымалы, DELPHI ортасында жазылған кез келген программаларға мүмкіндігі бар. 1.10. Initialize әдісі инициализация қосымшасы үшін қолданылады. 1.11. CreateForm әдісі қосымшада форма құру үшін қолданылады. 1.12. Run әдісі қосымшаны іске қосуды жүзеге асырады. 1.13. Finalization тек бір рет және программа жұмысының соңында орындалатын іс-әрекет. 1.14. Implementation тарату бөлімі Implementation сөзінен басталады. 1.15. Initialization тек бір рет және программа жұмысының басында орындалатын іс-әрекет. 1.16. Interface (интерфейс) басқа программа бөлімдеріне: басқа модульдерге және негізгі бөлімге мүмкіндігі бар ақпараттарды суреттейді. 2. ДӘРІСТЕР Дәріс сабағының құрылымы: 1 тақырып. Деректер базасына кіріспе Дәріс жоспары 1. Терминология. 2. Бастапқы кілт және индекстер. 3. Кестелер арасында реляциялық қатынас. 4. Сілтемелі бүтіндік. 5. Деректер базасын жобалау кезінде кестелерді қарапайымдау. 6. Транзакция түсінігі. 7. Бөлшектелген ДББЖ терминологиясы.

Дәрістің қысқаша мазмұны 40 беттің 4-сі 1. Терминология Деректер базасы (ДБ) пәндік облыстың құрылымдалған деректерінің аталған жиынтығы. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деректер базасын құруға, сақтауға және оларда қажет ақпаратты іздеуге арналған программалық құралдар кешені. Деректер моделінің үш негізгі типі бар реляциялық, иерархиялық және желілік. 1. Иерархиялық модель Деректер базасының иерархиялық моделі элементтерді бағыну ретіне қарай жалпыдан жекеше орналасқан және тоғай (граф) түзетін жиынтықты көрсетеді. Берілген модель деңгей, тораптар, байланыс сияқты параметрлермен сипатталады. Модельдің жұмыс істеу принципі төменгі деңгейдегі бірнеше тораптар жоғары деңгейдегі бір тораппен байланыс құру көмегімен қосылады. 2. Желілік модель Деректер базасының желілік моделі иерархиялыққа ұқсас. Онда негізгі құрастырушылар (торап, деңгей, байланыс) бар, бірақ олардың қатынасының сипаты басқа. Желілік модельде әртүрлі деңгейдегі элементтер арасында еркін байланыс қабылданған. 3. Реляциялық модель "Реляциялық" (латын сөзінен relation қатынас) термині деректерді сақтаудың мұндай моделі оның бөліктерінен құралатын өзара қатынаспен құрылған. Қарапайым жағдайда ол екіөлшемді массив немесе екіөлшемді кестені көрсетеді, ал күрделі ақпараттық модель құру кезінде өзара байланысқан кестелер жиынтығын құрады. Реляциялық деректер базасының негізгі түсінігі Реляциялық ДБ кестенің әрбір жолы жазба деп аталады, яғни Жазба бұл ДБ бір ғана объект туралы барлық ақпарат. Кестенің әрбір бағаны өріс деп аталады, яғни Өріс қандайда бір жазба ішіндегі ақпарат бірлігінің бірі. Әрбір өріс үшін мыналар анықталады: әмбебап атау; өріс типі (яғни берілген өріс мәнінің типі); қосымша сипаттамалар (ұзындық, формат) Тип берілген өрісті әртүрлі жазбаларда қабылдай алатын мәндер жиынын анықтайды. Өріс мәндері бұл белгілі бір типтердің қандайда бір шамасы. Шама типіне онымен жүргізілетін іс-әрекеттер байланысты. Кілттік өріс оның мәнін әрбір жазба анықтайтын өріс (яғни бұл өріс, оның мәндері әртүрлі). 2. Бастапқы кілт және индекстер Деректер базасының әрбір кестесінде бастапқы кілт жазбаны бірмәнді идентификациялайтын өріс немесе өрістер жиыны бар болуы мүмкін.

40 беттің 5-сі 3. Кестелер арасындағы реляциялық қатынас Қатынастармен байланысқан кестелер мынандай принцип бойынша өзара әрекеттеседі: басты (master) және бағыныңқы (detail). Басты кестені аналық, ал бағыныңқыны туынды деп атайды. Реляциялық деректер базасының кестелері арасындағы байланыстың төрт типін ерекшелейді: бірден бірге бір кестенің әрбір жазбасына басқа кестенің тек бір ғана жазбасы сәйкес келеді; бірден көпке басты кестенің бір жазбасына бағыныңқы кестенің бірнеше жазбалары сәйкес келуі мүмкін; көптен бірге басты кестенің бірнеше жазбаларына бағыныңқы кестенің тек бір ғана жазбасы сәйкес келуі мүмкін; көптен көпке басты кестенің бір жазбасы бағыныңқы кестенің бірнеше жазбаларымен байланысқан, ал бағыныңқы кестенің бір жазбасы басты кестенің бірнеше жазбаларымен байланысқан. 4. Сілтемелі бүтіндік Аналық және туынды кестелерде жазбалар арасындағы байланысты жоғалтуға әкелетін өзгерістердің екі түрі болуы мүмкін: Аналық кестедегі жазбалардағы байланыстың өріс мәнінің өзгеруі туынды кестедегі жазбаларға сәйкес келетін байланыстың өріс мәнінің өзгермеуі: Аналық және туынды кестедегі байланыстың өріс мәнінің сәйкесінше өзгермеуі туынды кестедегі жазбалардан біреуінің байланыс өрісі мәнінің өзгеруі. Бірінші және екінші жағдайларда да деректер базасы бүтіндігінің бұзылуы бақыланады. Бұл ондағы сақталған ақпарат дұрыс емес болып бара жатқандығын білдіреді. 5. Деректер базасын жобалау кезінде кестелерді қарапайымдау Қарапайымдау деректерді қарама-қайшы емес және дұрыс редактрлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түрге кестелерді келтіру мақсатымен қайталанатын топтар мен басқа қарама-қайшылықтарды жою жолымен деректерді қайта ұйымдастыру процесін ұсынады. Қарапайымдаудың соңғы мақсаты деректер базасының жобасын былайша алуға келтіріледі: әрбір факт тек бір ғана орында пайда болады, яғни ақпараттың артықтылығы алынған. Демек, қарапайымдауды реляциялық деректер базасында ақпараттың артықтығын төмендетуге бағытталған процесс ретінде анықтауға болады. 6. Транзакция түсінігі Транзакция деп ДББЖ-мен бір бүтін ретінде қарастырылатын деректер базасымен жүргізілетін операциялар тізбегі аталады. Егер барлық операциялар табысты орындалса, онда транзакция сондай-ақ табысты орындалды деп есептеледі және ДББЖ осы транзакциямен орындалған (яғни сыртқы жадыға өзгерістерді енгізеді) деректердің барлық өзгерістерін тіркейді (commit). Егер де транзакцияның бір операциясы табысты аяқталмаса, онда транзакция орындалмаған деп есептеледі және транзакция орындалғанда жүргізілген деректердің барлық өзгерістерін болдырмау арқылы оның откаты (rollback) жүргізіледі. Транзакциямен басқару деректер базасының логикалық бүтіндігін қолдау үшін

40 беттің 6-сі қажет. 7. Бөлшектелген ДББЖ терминологиясы Деректерді өңдеу технологиясы бойынша деректер базасы орталықтандырылған және бөлшектелген болып бөлінеді. Орталықтандырылған деректер базасы бір есептеу жүйесінің жадында сақталады. Егер бұл есептеу жүйесі ЭЕМ желісінің компоненті болып табылса, мұндай базаға бөлшектеліп кіру мүмкін. Деректер базасын пайдаланудың мұндай әдісі ДК жергілікті желісінде жиі қолданылады. Бөлшектелген деректер базасы есептеу желісінің әртүрлі ЭЕМ-де сақталатын, бірнеше мүмкін қиылысқан және бірін бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай базамен жұмыс істеу бөлшектелген деректер базасын басқару жүйесі (БДББЖ) көмегімен жүзеге асырылады. Бақылау сұрақтары 1. Деректер базасы дегеніміз не? 2. Деректер базасын басқару жүйесі дегеніміз не? 3. Деректер моделінің қандай негізгі типтері бар? 4. Деректердің иерархиялық моделі дегеніміз не? 5. Деректердің желілік моделі дегеніміз не? 6. Деректердің реляциялық моделі дегеніміз не? 7. Өріс дегеніміз не? 8. Жазба дегеніміз не? 9. Кілттік өріс дегеніміз не? 10. Бастапқы кілт дегеніміз не? 11. Екінші реттегі кілт дегеніміз не? 12. Кестелер арасында реляциялық қатынастың қандай түрі бар және олар нені білдіреді? 13. Қандай жағдайда деректер базасының бүтіндігі бұзылуы мүмкін? 14. «Сілтемелі бүтіндік» түсінігі нені білдіреді? 15. Қарапайымдау дегеніміз не? Қарапайымдау мақсаты неде? 16. Қандай қарапайым формалар бар және олар нені білдіреді? 17. Транзакция дегеніміз не? 18. Орталықтандырылған деректер базасы дегеніміз не? 19. Бөлшектелген деректер базасы дегеніміз не? Әдебиет: (2) 2 ТАҚЫРЫП. ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ПАЙДАЛАНАТЫН ҚОСЫМШАЛАР ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН DELPHI ҚҰРАЛДАРЫ Дәріс жоспары 1. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған құралдардың жалпы көрінісі. 2. ДБ-мен жұмыс істеуге арналған программалар ерекшеліктері. 3. Delphi-де қолдайтын ДБ типтері.

Дәрістің қысқаша мазмұны 40 беттің 7-сі 1. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған құралдардың жалпы көрінісі Delphi Enterprise құрамына ДБ пайдаланатын қосымшаларды құру және эксплуатациялауға арналған келесі құралдар кіреді. 1. BDE (Borland Database Engine) Жергілікті және клиент-серверлі деректер базасына төмендеңгейлі кіруді қамтамасыз ететін DLL-кітапханаларды ұсынады. Бұл программа әрбір компьютерге орнатылуы керек, ол Delphi жазылған деректер базасымен жұмыс істеуге арналған қосымшаны пайдаланылады. 2. BDE Administrator Нақты компьютерде деректер базасының псевдонимін (атын), деректер базасының параметрін және деректер базасының драйверін орнатуға арналған программа. Бұл программада барлық деректер базасына ортақ параметрлерді баптауды жүргізуге болады: уақыт және күн форматы, тілдік драйверді пайдаланатын сандарды көрсету форматы және т.б. 3. Database Desktop (DBD) Деректер базасын құру, өзгерту және көруге арналған құрал. Программа жергілікті ДББЖ кестелерімен жұмыс істеуге үшін негізделген. 4. SQL Explorer BDE Administrator және DBD көптеген функцияларын біріктіретін әмбебап программа. Оның көмегімен деректер базасының псевдонимін құруға және көруге, деректер базасы кестесінің құрылымын және ішіндегісін қарауға, SQL тілінде деректер базасына сұраныс құруға, деректер сөздігін құруға болады. 2. ДБ-мен жұмыс істеуге арналған программалар ерекшеліктері ДБ жұмыс істеуге арналған Delphi программалар көмегімен құрылғандардың ерекшелігі оларда BDE пайдалану болып табылады. BDE программа мен деректер базасының арасында байланыстырушы көпір рөлін жүзеге асырады. BDE өзіне клиенттік программаны оған қажет деректермен қамтамасыз ету бойынша барлық төмендеңгейлі жұмыстарды алады. Сондықтан жалпы жағдайда программаның деректермен өзара әрекеттесуі былайша жүреді: 3. Delphi қолдайтын ДБ типтері: 1. Локальды және файл-серверлі ДБ. 2. Клиент-серверлі ДБ. 3. Қосымша сервермен архитектура. Бақылау сұрақтары 1. ДБ пайдаланатын қосымшаларды құру және эксплуатациялау үшін қандай құралдар Delphi құрамына кіреді және олар қандай функцияны орындайды? 2. ДБ-мен жұмыс істеу үшін Delphi көмегімен құрылған программалардың тән ерекшелігі не болып табылады? 3. Қандай ДБ типтері Delphi-де қолданылады және олар нені білдіреді? Әдебиет: (2)

40 беттің 8-сі 3 тақырып. Database Desktop, BDE Administrator утилиттерімен жұмыс Дәріс жоспары 1. BDE Administrator міндеті. 2. ДБ псевдонимін құру. 3. STANDARD типті деректер базасының параметрі. 4. PARADOX драйверінің параметрлерін орнату. 5. Database Desktop міндеті. 6. PARADOX типті деректер базасының кестесін құру. 7. Кесте өрісінің типтері мен қасиеттері. Дәрістің қысқаша мазмұны BDE Administrator BDE Administrator бұл нақты компьютерде деректер базасының псевдонимін, деректер базасының параметрлерін және деректер базасының драйверлерін орнатуға арналған программа. Бұл программада барлық деректер базасы үшін жалпы параметрлерді баптауды жүргізуге болады: уақыт және күн форматы, сандарды көрсету форматы, пайдаланылатын тілдік драйвер және т.с.с. ДБ псевдонимін құру Локальды ДБ кестелерімен жұмыс істеу кезінде (олардың қатарына Paradox және dbase ДББЖ кестелері кіреді) деректер базасының өзі дисктегі каталогта орналастырылады және файлдар жиыны түрінде сақталады. Бір кестені сақтау үшін жеке файл құрылады. Осындай жеке файлдар кесте индекстері мен мемо-өрістерді сақтау үшін құрылады. ДБ-на утилиттер мен программалардан қатынау деректер базасының псевдонимі арқылы жүзеге асырылады. Псевдоним бұл деректер базасы кестесінің файлы орналасқан жерді көрсететін қысқа атау. Псевдоним BDE Administrator утилиті көмегімен нақты компьютер конфигурациясының файлында тіркелуі керек. ДБ псевдонимін құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек: 1. BDE Administrator утилитін жүктеу керек (оны басты меню Windows: Пуск \ Программы \ Borland Delphi 6 \ BDE Administrator көмегімен істеуге болады), 2. Утилит терезесінің басты менюінен Object \ New элементін таңдау керек. 3. Пайда болған терезеде (1-сурет) құрылатын ДБ типін өзгеріссіз (STANDARD) қалдыру және ОК батырмасын басу қажет. 4. ДБ администраторы терезесінің сол жақ өрісінде STANDARD1 атауымен жол пайда болады. Осы атауды өз қалауыңыз бойынша басқа атау беруге болады. 5. Оң жақ өрісте ДБ параметрі көрсетілген. ДБ орналасқан, каталогқа кіру маршрутын көрсететін PATH параметрін өзгерту қажет. Жолды қолмен енгізуге болады, бірақ администратор құралымен пайдаланған дұрыс: ол үшін PATH өрісін шерту керек және пайда болған оң жақ бөліктегі көпнүктелі өрісті басу керек. Содан кейін қажет каталогты таңдау және ОК батырмасын басу керек (2-сурет).

40 беттің 9-сі 2-сурет. ДБ псевдонимінің параметрлер терезесі 6. Енді псевдоним анықтамасын толтыру қажет. Ол үшін ДБ администраторының сол жақ терезесінде псевдоним атауын тышқанның оң жақ батырмасымен шерту және қосымша менюде Apply опциясын таңдау қажет. Пайда болған диалогтік терезеде (онда бізден псевдоним үшін өзгерістерді сақтаймыз ба екендігі сұралады) ОК батырмасын шерту қажет. 7. BDE Administrator утилитінің терезесін жабу: псевдоним құру аяқталды және оған басқа утилиттер мен қосымшалардан қатынауға болады. Database Desktop (DBD) Database Desktop (DBD) бұл деректер базасын құру, өзгерту және көруге арналған құрал. Программа локальды ДББЖ кестелерімен жұмыс істеу үшін негізделген. Paradox 7 форматында кесте құрылымын құру 1. Database Desktop программасын жүктеу. Delphi терезесінде DBD былайша жүктеледі: Tools Database Desktop. 2. DBD терезесінде File New Table командасын орындау. 3. Құрылатын кесте форматын таңдау (біздің жағдайда Paradox 7) және Ok шерту. 4. Кесте құрылымын анықтау: өріс атауын, өріс типін, өлшемін беру, кілттік өрісті көрсету. 5. Деректер базасы файлын сақтау үшін Save as батырмасын шерту. 6. Деректер базасы сақталатын буманы немесе псевдонимді анықтау, сонымен қатар деректер базасы файлының атауын көрсету, содан кейін Сохранить батырмасын шерту. 7. Database Desktop программасын жабу.

40 беттің 10-сі Бір кестені сақтау үшін db кеңейтілімімен жеке файл құрылады. Кестені деректермен толтыруды Database Desktop программасында, не құрылатын қосымшаның өзінде жүргізуге болады. Paradox 7 форматында кесте үшін өрістер типі 1. Alpha символдық, яғни 255 символға дейінгі жол. 2. Number -10 308 -нен +10 308 дейінгі сандар. 3. Money Number типіне ұқсас, бірақ көрсетілу кезінде ақшаның белгісі шығып тұрады. 4. Short -32768-ден +32767-ге дейінгі бүтін сандар. 5. LongInteger - -2147483648-ден +2147483647-ге дейінгі бүтін сандар. 6. BCD екілік және ондық жүйедегі бүтін және бөлшек сандар. Бөлшек бөлігі өте көп сандармен жұмыс істеу кезінде өте нақты нәтиже алуға мүмкіндік береді. 7. Date күн мәні. 8. Time уақыт мәні. 9. Timestamp уақыт және күннің мәні. 10. Memo жолдық, яғни 255 символдан ұзын мәндер. Максималды ұзындық шектелмеген. 1-ден 240 символға дейін кестемен бірге, қалғандары mb кеңейтілімді Memo файл түрінде сақталуы мүмкін. 11. Formatted Memo дербес ұзындықты форматталған мәтін. 12. Graphic Fields bmp, pcx, giv форматтағы графикалық бейнелер. 13. OLE OLE технологиясымен қолданатын форматтағы ақпарат. 14. Logical true немесе false мәнін қабылдайтын тип. 15. Autoincrement жаңа жазба қосу кезінде өріс мәні автоматты түрде есептеледі (бірлікке ұлғаяды), демек, бірдей мәндер болмас үшін, жазбалардан өріс мәндері қайта пайдаланбас үшін. Мәндер тек қана оқуға арналған. 16. Binary дербес ұзындықты екілік мән. Жеке файлда сақталады. 17. Bytes 1-ден 240 дейінгі ұзындықты дербес екілік мән. Деректер базасы кестесімен бірге сақталады. Бақылау сұрақтары: 1. BDE Administrator программасының міндеті қандай? 2. ДБ псевдонимі дегеніміз не? 3. BDE Administrator программасында ДБ псевдонимін қалай құруға болады? 4. STANDARD типті деректер базасы параметрін қалай өзгертуге болады? 5. PARADOX драйверінің параметрін қалай орнатуға болады? 6. Database Desktop міндеті қандай? 7. DBD программасын пайдаланатын PARADOX типті деректер базасының кестесін қалай құруға болады? 8. PARADOX типті деректер базасы кестесінің өрістері қандай типі болуы мүмкін? Әдебиет: (2)

40 беттің 11-сі 4 тақырып. ADO құралдарымен деректерге қол жеткізу. ADO байланысын баптау Дәріс жоспары 1. ADO құралдарымен деректерге қол жеткізу 2. ADO байланысын баптау. 3. ДБ-ның деректер модулін қолдану Дәрістің қысқаша мазмұны BDE процессорын қолдану деректер базасына қол жеткізуді ұйымдастырудың жалғыз ғана әдісі болып саналмайды. Өңдеушілердің тарапынан ADO универсалды технологиясы кең қолданыс тауып отыр. Онда қазіргі заманғы кез келген Windows операциялық жүйесінің құрамына кіретін жоғары деңгейлі OLE DB интерфейстер жиынтығы бар. Ұсынылып отрған технология ең алдымен клиент пен сервер дерекетер базасының тұрақты мәлімет алмасуын болжайтын клиент-серверлік қосымшаларға (приложение) негізделген. OLE DB (Object Linking and Embedding Database деректер базасы объектілерін байланыстыру және кіргізу (енгізу)) интерфейсі COM (Component Object Model компоненттік объектілер моделі бұнда деректерді өңдеудің және объектілер арасында деректер тасымалдау аранайы функциялары жасақталған) арнайы объектілерін пайдалана отырып кез келген типті деректер көзіне қол жеткізу мумкіндігін туғызатын универсалды технология болып табылады. [2] OLE DB-ң өз объектілерінен басқа ADO технологиясы провайдерлер механизімімен қатынас ұстайды. Провйдерлер деректер базасын ұйымдастырудың төмен деңгейлі бөлшектерін жасыратын және жоғары деңгейлі абстракциясы бар деректерді жеткізушілер деп түсіндіріледі. ADO тенологиясы арқылы деректер базасына қол жеткізу саймандар тақташасындағы ADO бетінде орналасқан компоненттер көмегімен жүзеге асады. ADO байланысын баптау. Деректер базасы мен қосымша арасында байланыс орнату үшін оларды біріменбірін жалғап параметрлерін баптау керек. Осы мақсат үшін ADO Connection компоненті қажает. Байланыс параметрі ConnectionString қасиетінде сақталған жолмен ерекшеленеді. Байланыс жолының форматын білу қажет емес, өйткені ол ADO Connection компонентін тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерткенде ашылатын арнайы байланыс параметрі редакторымен құрылады. (1.1. сурет ) 1.1. сурет, Байланыс параметрлерінің редакторы. Байланыс жолы автоматты түрде орнау үшін Data Link Properties байланыс баптау терезесіне көшу қажет, ол үшін Build батырмасы басылады. (1.2 сурет)

40 беттің 12-сі 1.2 сурет, ADO байланысын баптау терезесі. Provider (поставщик данных) бетінде керекті деректер базасының деректер провайдері таңдалынады. Келесі қадам Connection бетінде орналасқан баланыс параметрлерін көрсетумен байланысқан (1.3-сурет). 1.3 сурует, Байланыс параметлерін баптау. Параметрлерді баптау жұмысын аяқтағаннан соң байланыстың орнағанын тексеру үшін «Проверить подключение» батырмасын шерту қажет болады. Үнсіз келісім бойынша бапталған байланыс жабық жағдайда болады. Деректер базасымен байланысті активтендіру үшін екі әдіс көмегіне жүгінеді. Connected қасиетінің мәнін true деп өзгерту; Open әдісін таңдау. Кейбір орындалатын операциялар түріне қол жеткізу құқығы Mode қасиеті көмегімен жүзеге асады. Ол келесі мәндердің бірін қабылдайды. cmunknown. Берілген байланыс үшін құқықтар берілмеген немесе анықталмаған. cmread. Тек оқу. cmwrite. Тек жазу. cmread. WriteОқу және жазу. cmsharedenyread. Басқа байланыстар үшін жазуға тыйым салынған. cmsharedenywrite. Басқа байланыстар үшін оқу тыйым салынған. cmshareexclusive. Басқа байланыстар үшін ашу әрекетіне тыйым салынған. cmsharedenynone. Кез келген байланыстар үшін ашу әрекетіне тыйым салынған.

40 беттің 13-сі ДБ-ның деректер модулін қолдану Қосымшаны құру барысында деректерге қол жеткізудің визуалды емес компоненттерін орналастыру үшін арнайы объект деректер модулін қолдануға болады. Модульдің үш типі бар: қарапайым, қашықтатылған және Web модуль. Қарапайым модульге тоқталсақ, ол DataModule объектісімен ұсынылған. Деректер модулі визуалды емес компоненттер үшін контейнер ролін атқарады. Оны қосымшаға қосу үшін File/New/Data Module командасын орындайды. Компоненттер орналасқан модуль көрінісі 1.10-суретте көрсетілген 1-сурет. Data Module терезесі Компонентті таңдаған кезде объектілер инспекторында оның қасиеттері шығады. Қосымшаны орындау барысында программа мәтінінен компоненттер қасиетін шақыру кезінде модуль атауын қолдану керек. Мысалы: DataModule2.ADOTable1. TableName:= Mashine.db ; DataModule2.DataSource1.DataSet:=DataModule1.ADOTable1; TableName:= Mashine.db ; DataModule2.ADOTable1.Active:=True; Модуль компонентінің мәтіндері үшін автоматты түрде модуль, мысалы, Unit2 атауымен құрылады. Модуль компонентіне негізгі форманың модуль программасынының мәтінінен жол ашу үшін оның Uses операторының тізіміне қолмен таңдау арқылы модуль атауын қосуға болады. Мысалы: Uses unit2. Егер негізгі форманы немесе оның модулін активтендірсе, бұл операторды File/Uses unit командасының көмегімен де қосуға болады. Егер оператор қосылмасакомпиляциялау кезінде модульді құру керектігі жайлы ақпараттық хабарлама шығады, осы кезде бұл хабарламаға yes деп жауап қайтарса жеткілікті. Деректерге жол ашу компоненттерінен басқа деректер модулінде ДБ-н,а тікелей қатысы жоқ визуалды емес басқа да компоненттерді орналсыруға болады. Мысалы, ImageList, OpenDialog, Timer және т.б. Модульдің pas файлдарында сонымен қатар модульде орналасқан компоненттер оқиғаларын өңдеушілер үшін әдістер мәтінін орналастырады. Деректер моделі деректерді басқару компоненттерін деректерді өңдеу формасынан ажырату мүмкіндігін туғызады. Құрылған модульді бірнеше қосымшалармен қатар қолдануға болады. Кішігірім қосымшалар үшін модульді қолдану аса қолайлы емес, өйткені ол жұмысты көбейтіп қосымша мәтінің көлемін ұлғайтады.

40 беттің 14-сі Бақылау сұрақтары 1. ADO құралдарымен деректерге қалай қол жеткізуге болады? 2. ADO байланысын қалай баптау керек? 3. ДБ-ның деректер модулін қалай қолдану керек? Әдебиет: (2) 5 тақырып. Delphi ортасында деректер базасының қосымшасын құрудың жалпы принциптері Дәріс жоспары 1. ADOTable, ADOQuery, DataSource компоненттерімен жұмыс. 2. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған визуальды компоненттермен жұмыс (Data Controls беті). 3. Өрістермен жұмыс. 4. Есептік өрістерін құру. Дәрістің қысқаша мазмұны ADOTable, ADOQuery, DataSource компоненттерімен жұмыс ADOTable компоненті ADOTable кесте компоненті; ДБ кестесіне қол жеткізу мүмкіндігін туғызады; ол ДБ-ның физикалық кестесіндегі барлық деректерді ADO көмегімен беретін деректер жиынын (жинағын) құрайды. ADOTable компоненті компоненттер палитрасында ADO бетінде орналасқан. Кейбір қасиеттері 1. Connection ДБ-мен байланыс 2. TableName ДБ-ның физикалық кестесінің атауы; ДБ деректерінің орналасу орнын анықтайды; ашылмалы тізімнен таңдалынады; 3. Filter Деректерді іріктеудің фильтрін орнату үшін; 4. IndexFieldNames индекстері(негізгі және екінші) құрылған өрістер үшін; 5. IndexName ағымдағыкестенің екінші индекстің атауы; кестені құрған кезде құрылған екінші индекстер тізімінен таңдалады; егер қосымшаны жасау немесе орындау барысында екінші индекс атауы таңдалмаса, онда деректер жинағы негізгі кілт бойынша сұрыпталады. 6. Active Boolean типті кестенің активтілігі (белсенділігі); Active =True кезінде деректер жинағы ашық қалпында, ал Active=False кезінде жабық болады. 7. Қосымшаны құру барысында Active =True қасиетін Connection, TableName қасиеттерінен кейін орындау керек. Осыдан соң деректерді көрсету жүйесі ДБ мәндерімен толтырылады. ADOQuery компоненті ADOQuery компоненті деректер жинағын өзінің SQL қасиетінде анықталған сұраныс бойынша жасақтайды. Компонент деректерге реляциялық (топтық) тұрғыда қол жеткізу кезінде қолданады.

40 беттің 15-сі ADOQuery деректер жинағында бірден көп кестелердің жазулары бола алады. SQL-сұраныста SQL тілінің командалары (операторлары) болады. Ол деректер жинағын ашқан кезде (Open әдісі немесе Active =true қасиеті) орындалады. SQL тіліндегі сұранысты SQL-программасы деп аталады. ADOQuery компонентінің негізгі қасиеті: Connection, Active, SQL және Filter. Connection қасиеті арқылы компонент ДБ-на қосылады. Active қасиеті ADOTable компонентінің дәл осы қасиетіне ұқсас; ол SQL қасиетінің операторлары құрған деректер жинағын ашады (активтендіреді). SQL қасиеті SQL тілнің сұраныс мәтінінен тұрады. Жұмыс барысында ең алдымен SQL қасиетінің мәтінін даярлап алып, одан соң Active =true қасиетін орындау қажет. SQL қасиетінің операторлары арқылы анықталған сұранысқа сәйкес іріктелген деректер қосымшаны құру процесінде DataSource компонентінің DataSet қасиетін, мысалы: DataSuorce1.DataSet =ADOQuеry1 орындағаннан кейін-ақ көрсетіледі. DataSource компоненті DataSource компоненті программа және деректер сипаттайтын көрінбейтін компоненттер (ADOTable, ADOQuery) мен осы деректер немесе сұраныстың орындалу нәтижесі көрсетілетін көрінетін компоненттер (мысалы, DBGrid, DBText) арасын байланыстыру үшін пайдаланылады. DataSource компоненті компоненттер палитрасында Data Access бетінде орналасқан. Кейбір қасиеттері: 1. DataSet кесте немесе сұраныс атауынан тұрады. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған визуальды компоненттермен жұмыс (Data Controls беті) DataControls бетінің кейбір компоненттері Бұл бет деректерді көрсету және редактрлеуге арналған визуальды компоненттерден тұрады. 1. DBGrid компоненті экранда деректерді көрсетудің кестелік формасын қамтамасыз етеді. Кейбір қасиеттері: DataSource деректер бастауы компонентінің атауынан тұрады (DataSource компонентінің). 2. DBNavigator компоненті жабаларды жою, жаңа жазбалар қосу және т.с.с. үшін деректер базасы кестесінің жазбаларымен жылжуға арналған басқарушы батырмалар тобы. Кейбір қасиеттері: ShowHint батырмалар үшін подсказкаларды көрсету керек па екендігін анықтайды. Өрістермен жұмыс. Деректер жинағының әрбір өрісі өз алдында жеке баған құрайды. Delphi-де онымен жұмыс үшін Tfield типтегі Field объектісі және одан туындайтын TintegerField, TfloatField, TstringField типтер қызмет атқарады. Tfield типінің обьектілері визуалды емес және өріс жазуларының деректеріне қол жеткізу үшін

40 беттің 16-сі арналған. Оларды басқара отырып, мысалы, берілген өрістерді қолданушылардан жасыруға болады. Деректер жинағының өрістерінің құрамын келесі (әдістер) тәсілдердің тілімен анықтауға болады: - үнсіз келісім бойынша / динамикалық өрістер/ - өрістер редакторы көмегімен (статистикалық өзгерістер) ADOTable компонентінің динамикалық өзгерістерінің құрамы кесте жазуларының құрылымымен анықталады. Ал ADOQuery компоненті үшін оның SQL- сұранысымен. Динамикалық өрістерді пайдалану өрістер құрамын шектеуге мүмкіндік бермейді (кейбір өрістерді оларды көрсету кезінде жасыру), есептелетін өрістерді, өрістер ретін өзгертуді шектеуге мүмкіндік бермейді. Осы аталып кеткен мүмкіндіктерді орындау үшін арнайы өрістер редакторын пайдалану қажет. Оның көмегімен статикалық өрістер құрамы құрылады. Редакторды шақыру үшін компонентті екі шерту немесе компоненттің контекстік менюі көмегімен (Fields Editor пункті). Редактор көмегімен келесі операцияларды орындауға болады: - Статикалық өрістерді құру, өшіру. - Статикалық өрістер орналасу ретін өзгерту. - Есептелетін өрісті құрау. - Берілген мәндер тізімінен мәндерді таңдау өрісін құру Кестенің өріс редакторының терезесінің көрінісі суретте көрсетілген 1-суретте өріс редакторының контекстік меню түрі берілген. Редакторының контекстік менюі көмегімен ADOTable және ADOQuery жаңа (есептелетін немесе таңдау өрісімен) компоненттер жинағымен жұмыстар орындауға болады. 1-сурет. Кестенің өріс редакторының терезесі 2 сурет. Жанама меню

40 беттің 17-сі Бақылау сұрақтары 1. ADOTable, ADOQuery, DataSource компоненттерінің міндеті, негізгі қасиеттері және әдістері қандай? 2. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған визуальды компоненттердің міндеті, негізгі қасиеттері қандай (Data Controls беті)? 3. Өріс мәніне қалай қатынауға болады? 4. Есептік өрісті қалай құруға болады? 5. Сілтемелі бүтіндікті қалай анықтауға болады? 6. Индексті қалай орнатуға болады? 7. Деректер жиынында жазбаны іздеуді қалай іске асыруға болады? Әдебиет: (2) 6 тақырып. Локальды деректер базасымен жұмыс Дәріс жоспары 1. Деректерге навигациялық тұрғыдан қол жеткізу 2. Деректер жинағын сұрыптау 3. Жазуларды фильтрлеу, іздеу, модификациялау, редактрлеу, қосу, өшіру 4. Жазуларды фильтрлеу 5. Жазуларды іздеу 6. Деректер жинағын модификациялау 7. Жазуларды редактрлеу 8. Жазуларды қосу 9. Жазуларды өшіру Дәрістің қысқаша мазмұны 1. Деректерге навигациялық тұрғыдан қол жеткізу Навигациялық қол жеткізуде деректер жинағының әрбір жазуы өңделеді. Жазуларды таңдау программалық жолмен орындалады. Бұл амалдың жетістігі қарапайымдылығында. Кемшілігі желіге үлкен жүктеу түғызады, өйткені қанша жазудың керегіне қарамастан қосымша кестенің барлық жазуын алады. Навигациялық қол жеткізу келесі амалдарды орындау мүмкіндігін туғызады: деректер жинағы бойынша жылжу, жазуларды сұрыптау, жазуларды редакторлеу, жазуларды қою, өшіру, филтрлеу. ДБ кестесімен жұмыс Жеке жазулармен жұмыс істеуден басқа ADOTable компонентінің көмегімен ДБ-ның толық кестесіне қатысты әрекеттер орындауға болады. Мысалы кестелерді құруға, өшіруге, атауын өзгертуге, қол жеткізу режимін орнатуға болады. 2. Деректер жинағын сұрыптау Үнсіз келісім бойынша кестелер кілт бойынша (негізгі индекс комегімен) сұрыпталады. ADOTable компонентінің деректер жинағы автоматты түрде ағымдағы индекс бойынша сұрыпталады. Ағымдағы индекс мәні қосымшаны орындау кезеңінде IndexName, IndexFieldNmes қасиетерінің көмегімен орнатылады. Мысалы: ADOTable1.IndexName:= ind_fio ; // - IndexName қасиетінің көмегімен ADOTable1.IndexFieldNames := Fio ; // - IndexFieldNames қасиетінің көмегімен

40 беттің 18-сі Сұрыптаудың бағыты - өсу немесе кему бойынша ixdescending. Үнсіз келісім бойынша ол қосулы тұрады және сұрыптау өсу ретімен жүреді. Егер индекс сипаты қосылса, онда сұрыптау кему бойынша жүргізіледі. [3] 3. Жазуларды фильтрлеу, іздеу, модификациялау, редакторлеу, қосу, өшіру Деректер жинағы бойынга жылжу оның ағымдағы жазуының бағдршасымен басқару әдістерінің көмегімен жүргізіледі. Ағымдағы жазудың бағдаршасының орнын ауыстыру (жылжыту) үшін келесі әдістер қолданылады: First процедурасы бірінші жазуға орнату; Next процедурасы келесі жазуға орнату; соңғы жазу үшін бағдарша жылжымайды. Last процедурасы соңғы жазуға орнату; Prior процедурасы алдыңғы жазуға орнату; бірінші жазу үшін бағдарша жылжымайды; MoveBy функциясы функция параметрімен анықталған жазулар санына көшу. Жылжу ағымындағы уақыт мерзімінде деректер жинағында болатын жазулар бойынша жүргізіледі. Деректер жинағының жазулар саны KecordCovnt қасиеті бойынша анықталады. Бағдарша орынын ауыстыру әдістерін қолдану мысалы, Procedure TForm1. N10Click (Sender: TOject); Var N: integer; Begin ADO Table1. First; // бірінші жазуға S:=0; // қосындының бастапқы мәні For i:=1 to ADO Table1.RecordCount do//жазулар нөлдерін таңдау (іріктеу) Begin S:=S+ADO Tabel1. RS. Value // ағымдағы қосынды мәні ADO Table1. Next; //келесі жазуға End; Label1. Caption:= = +FloatTostr(S); Бағдарша орыны сонымен қоса жазуларды іздеу әдістерін де өзгертеді. Бағдаршаның орнын бақылау үшін RecNo қасиетін пайдалануға болады. Онда деректер жинағының басынан бастап жазулардың реттік нөмірлері орналасады. Мысалы: ADOTabel1. RecNo:=Str ToInt(Edit1.Text) Деректер жинағының соңы мен басын анықтау үшін BOF және EOF логикалық қасиеттерін қолдануға болады. Қосымшаны орындау кезінде олар оқуға жол ашады. Қасиет BOF=True, егер бағдарша деректер жинағының соңғы жазуында орналасса және False-егер соңында емес болса. Бос деректер жинағы үшін екі қасиеттің де мәні True болады. [12] Жазуларды фильтрлеу Фильтрлеу- бұл деректер жинағының жазуларын {берілген} фильтрмен берілген шектеулермен сәйкес алу (таңдау). Деректер жинағы деректер базасының бір немесе бірнеше кестелерін таңдалған жазулар болып есептелінеді. Деректер жинағындағы жазулар құрамы бекітілген шектеулерге тәуелді, мысалы, фильтрге.

40 беттің 19-сі Үнсіз келісім бойынша (фильтрсіз) фильтрлеу жоқ және ADOTable деректер жинағында деректер базасының онымен байланысқан кестенің барлық жазулары болады. ADOQuery деректер жинағында SQL қасиетінің SQL- сұранысын қанағаттандыратын жазулар бар. Фильтрлер статикалық және динамикалық болады. Статикалық қосымшаны құру кезінде динамикалықтарды қосымшаны орындау процесінде құруға және ректрлеуге болады. Диапазон бойынша фильтрлеуді қолдану және орнату үшін программа мәтінінің мысалы ұсынылған: Procedure TForm1.btnFilterClick(Sender : TObject); Begin With ADOTable1 do begin IndexName := indnamegodr ; // - ағымдағы индексті орнату SetRangeStart; // төменгі шекараны белгілеуді бастау FieldByName( Name ).AsString := A ; // - төменгі шекара Name FieldByName( GodR ).AsString :=Edit1.Text; // - GodR SetRangeEnd; // жоғарғы шекараны белгілеуді бастау FieldByName( Name ).AsString := Б ; // жоғарғы шекара ApplyRange; // - шектеулерді қабылдау. End; End. Нәтижесінде атаулары «А» және «Б» әріптерінен басталатын, түған жылдары (GodR) Edit1.Text терезесінде берілген мәннен жоғары болатын жазулар іріктеледі. Туған жылдаң жоғарғы шекарасы берілмейді. Жазуларды іздеу Берілген шартты қанағаттандыратын жазуды іздеу осы жазуға көшуді білдіреді. Бұны, мысалы, DBStringGrid компонентінде бақылауға болады. Индекстелген өрістер бойынша іздеу жүргізу жылдамырақ жүреді. Деректерді іздеу үшін төмендегі әдістер қолданылады: FindFirst бірінші келетін мәндә іздеу; FindLast соңғы келетін мәнді іздеу FindNext келесі келетін мәнді іздеу FindPrior ізделінді жазуға сәкес келетін жазуды іздеу Locate бір немесе бірнеше өріс бойынша жазуларды іздеу Lookup курсордың орнын ауыстырмай табылған жазулардың керекті өрістерінің мәнін береді. Іздеу сипаттары әдістер параметрлер тізімінде беріледі. Locate, Lookup әдістерімен индекстелмеген жазуларға іздеу жүргізеді. Тізбектелген іздеуді FindNearest, SetNearest, GoToNearest. Осымен қоса іздеу іздеу сипатын енгізу бойынша жүргізіледі. [17] Locate функциясының тақырыпшасы: Function Locate(const KeyFields: String; const KeyValues: Variant; Options: TlocateOptions ) : Boolean;

40 беттің 20-сі Мұнда: KeyFields іздеу жүргізілетін өріс атауы; KeyValues KeyFields-та берілген өрістің ізделінді мәні; Options параметр екі мәннен тұрады; IoCaseInsensitive - әріптер регистрі ескерілмейді; IoPartialKey мәндердің бөлшектік сәйкестігіне рұқсат етіледі. Нәтижелі іздеуде функция True мәнін қайтарады, нәтиже қанағаттанарсыз болғанда False. Берілген сипаты бойынша іздеу үшін оператор сипатының мысалы: If ADOTable1.Locate( Number, 123, []) then S1 else S2; Бұл мысалдан нені көруге болады? Іздеу Number өрісі бойынша жүргізіледі, өріс мәні 123-ке тең болатын бірінші жазу ізделінеді, іздеудің барлық параметрлері өшірулі. Бір ғана іздеу сипаты бойынша іздеу жүргізу мысалының үзіндісі: If ADOTable1.Locate( Fio, Edit1.Text, []) then S1 else S2; Нәтижелі іздеуде S1 процедурасы шақырылады, нәтижесізе S2. Locate әдісінде бірнеше өрістер бойыша іздеу жүргізгенде KeyValues параметрі Variant типті массив болып табылады. Бірнеше іздеу сипаты бойынша жүргізілетін іздеу мысалынан үзінді: If ADOTable1.Locate( Name; Post, VarArrayOf( П, Инженер ), [IoCaseInsensitive, IoPartialKey]); Іздеу Name және Post өрістері бойынша жүргізіледі; Name өрісінің мәні п және П әріптерінен басталатын, ал Post өрісігің мәні Инженер мәнін қабылдайтын бірінші жазу ізделінеді. Әріп регистрі ескерілмейді. Екі іздеу сипатының берілген мәні бойынша іздеу үшін оператор мысалы: If ADOTable1.Locate( Fio; Rs, VarArrayOf([Edit1.Text, // - фамилия б/ша MaskEdit1.Text]), []) // - стипендия б/ша then S1 else S2; Келтірілген мысалда ізделінетін сипаттар мәні Edit1.Text, MaskEdit1.Text қасиеттерінен алынады. Lookup функциясының тақырыпшасы: Function Lookup (const KeyFields: String; const KeyValues: Variant; const ResultFields: String): Variant; Функция анықталған шартты қанағаттандыратын жазуларды іздеуді жүргізеді, бірақ Locate сияқты табылған жазуға бағдаршаны апармайды, ол табылған жазудың өрістерінен деректерді ResultField тізімінің өрісіне санайды. Деректер жинағын модификациялау Деректер жинағын модификациялау жазуларды редакторлеу, қосу, өшіру амалдарынан тұрады. Деректер жинағының модификайиялау мүмкіндігін басқару ReadOnly логикалық қасиетінің көмегімен орындалады. ReadOnly = True болғанда деректер жинағын модификациялау рұқсат етілмемейді. ADOTable компонентінің деректер жинағы редактрлеу, көру, қою, іздеу режимдерінің бірінде бола алады. Деректер жинағын редакторлеуді визуалдық компоненттер көмегімен жүргізуге боады, мысалы, DBEdit редакторы немесе DBGrid торы арқылы. Деректер жинағы

40 беттің 21-сі редакторлеу режиміне автоматты түрде көшеді, егер DataSource компонентінде визуалды компоненттер үшін қасиет AutoEdit = True болса. Егер AutoEdit = True болса модификациялауға болмайды. Егер әртүрлі формаларда орналасқан бірнеше байланысқан деректер жинағы модификацияланса, онда редакторлеуден соң барлық деректер жинағын жаңарту керек. Жаңарту мысалына үзінді: ADOTable1.Edit; // - редакторлеу режимін орнату ADOTable1.FieldByName( Name ).AsString := Edit1.Text; // - редакторлеу ADOTable1.Post; // - өзгертулер енгізу ADOTable1.Refresh; // - ADOTable1 жазуларын жаңарту Form2.Table2.Refresh; // - ADOTable2 жазуларын жаңарту ADOTable1 компоненті бар Form1 формасының модулінде ADOTable2 компоненті бар Form2 формасының модуліне сілтеме болуы керек. Жазуларды редактрлеу Жазуларды редакторлеу олардың өрістерінің мәндерін өзгертуден тұрады. Редакторлеуді бастар алдында бағдаршаны редакторленетін жазуға орналастыру керек. Егер деректер жинағы көру режимінде тұрса, онда: Оны редакторлеу режиміне көшіру Edit әдісімен; Жазу өрістер мәнін өзгерту; Post әдісімен орындалған өзгертулерді бекіту немесе одан бас тарту, осы кезде деректер жинағы қайтадан бұрынғы қалпына келеді. Модификация тек қана модификацияланатын деректер жинағы үшін ғана орындалады. Сондықтан деректер жинағының модифакиялану мүмкіндігін мысалы, If ADOTable1.CanModify then ADOTable1.Edit; операторымен тексеру керектігі туады. Модификацияланбайтын деректер жинағын редакторлеу әрекетін болдырмас үшін программалық тұрғыдан төмендегі әдісті қолдануға болады. Мысалы: procedure TFom1.btnEditClick(Sender: TObject); begin If not Tablel.CanModify then begin // - модификациялану анализі Beep; // - дыбыстық сигналды беру және MessageDlg ("Нельзя изменять!', mtlnformation, {mbok],. 0); // - хабарламаны Exit; end; //- әдістен шығу Tablel.Edit;, // - редакторлеу режиміне көшу End; Модификациялау процесіне жол бермеуді btnedit батырманың көмегімен орындау үшін оның келесі қасиетін орнату керек: Btnedit.Enabled := False; Деректер жинағын редакторлеу режиміне келтіргеннен кейін редакторленетін жазулардың өріс мәндерін визуалды компоненттер немесе меншіктеу операторларының көмегімен өзгертуге болады. Осы кезде өріс типін ескеру керек немесе қажет жағдайда мәндерді талап етілген типке келтіруге болады. Мысалы: ADOTable1.FieldByName ('NZ').AsInteger := StrToInt(Editi.Text); // - өріс бүтін

40 беттің 22-сі ADOTable1.FieldByName {'FIO').AsString := Edit2.Text; // - өріс жол ADOTable1. FieldByName ('RS').AsFloat := StrToFloat(Edit3.Text); // -өріс real Өзгертулер енгізгеннен соң олар бекітілуі немесе одан бас тарту керек. Оны навигатордағы сәкесінше және батырмалардың көмегімен орындайды. Жазуларды қосу Жазуларды қосу тек модификацияланатын деректер жинағы үшін мүмкін. Жазуды қосу (енгізу) үшін: Insert әдісімен деректер жинағын енгізу (қою) режиміне келтіру; Жаңа жазу өрісінің мәнін беру; Істелінген әрекетті бекіту немесе бас тарту; осыдан кейін деректер жинағы көру режиміне көшеді. Жаңа жазу бағдарша тұрған жазудың алдына қоыйлады. Керек болған жағдайда бағдаршаны талап етілетін орынға көшіруге болады. Курсорды тиісті ұяшыққа орналастырғаннан кейін Ins. пернесін басу керек, ұяшықтағы жазу өшеді. Жаңа жазу өрісіне мәнді енгізуді қолмен (мысалы, DBGrig жолының өрісіне) немесе программалық жолмен. Мәнді программалық жолмен енгізуде SetFields әдісін қарастыру керек. Оның параметрлерінде жаңа жазудың барлық өрістерінің мәні беріледі. Олар бір жолдық редакторлеу өрістерінен алынуы мүмкін. Мысалы: Table1.SetFields (StrToInt(Editi.Text), Edit2.Text, StrToFloat(Edit3.Text)); Өрістер мәндерінің реті олардың деректер жинағының жазулар ретіне сәйкес келуі тиіс. SetFields әдісі орындалғаннан соң деректер жинағы автоматты түрде көру режиміне көшеді жазу деректер жинағына қосылған. Жазуды деректер жинағына InsertRecord әдісімен де қосуға болады. Ол Insert және SetFields әдістерінің функцияларын біріктіреді. Оператор мысалы: InsertRecord (StrToInt(Edit1.Text), Edit2.Text, StrToFloat(Edit3.Text)); Деректер жинағы соңына жазуды Append және AppendRecord әдістерінің көмегімен жүргізуге болды. Жазуларды өшіру Ағымдағы жазуды өшіру Delete әдісімен орындалады. Жазу өшкенде ағымдағы болып келесісі саналады, ал егер соңғы жазу өшірілсе, оның алдындағы жазу ағымдағы болады. Егер деректер жинағы қою немесе іздеу режимінде болса, онда Delete әдісін шақыру Cancel әдісін шақыруға ұқсас, жазуларды қоюдан немесе іздеуден бас тарту. Егер Delete әдісін орындау қатеге әкелсе, онды ерекше жағдай туындайды және OnDeleteError оқиғасы іске араласады. Жазуды өшірер алдында қолданушыдан өшіруді дәлелдеуді сұрау керек. Мысалы, келесі әдістердің операторлары көмегімен: Procedure Tform1.btnDeleteClick(Sender : TObject); Begin If MessageDlg ( Жазуды шындығымен өшіру керек пе?, mtconfirmation, [mbyes, mbn], 0)=mrYes then // Егер Yes батырмасы басылса ADOTable1.Delete; // - жазу өшіріледі End; Барлық жазуларды EmptyTable операторымен немесе цикл көмегімен өшіруге болады. Мысалы:

40 беттің 23-сі Procedure Tform1.btnDeleteAllClick(Sender : TObject); Var n: longint; Begin ADOTable1.Last; //соңғы жазуға көшу For n:= ADOTable1.RecordCount DownTo 1 do ADOTable1.Delete; End; Мысал циклінде n жазулар номері соңғысынан біріншісіне қарай -1 қадамымен қарастырылады, әрбір п үшін кезектегі соңғы жазу өшіріледі. Бақылау сұрақтары 1. Деректерге навигациялық тұрғыдан қалай қол жеткізуге болады? 2. Деректер жинағын қалай сұрыптау керек? 3. Жазуларды фильтрлеу, іздеу, модификациялау, редактрлеу, қосу, өшіру үшін қандай деректер жинағын пайдаланамыз? 4. Жазуларды қалай фильтрлеуге болады? 5. Жазуларды қалай іздеуге болады? 6. Деректер жинағын қалай модификациялау керек? 7. Жазуларды қалай редактрлеу керек? 8. Жазуларды қалай қосу керек? 9. Жазуларды қалай өшіру керек? Әдебиет: (2) 7 тақырып. SQL тілі жайлы негізгі мағлұматтар Дәріс жоспары 1. Кестенің жеке өрістеріне деректер енгізу 2. Басқа кестедегі деректерді кестеге енгізу 3. Кестеде сақталатын деректерді өзгерту 4. Кестенің бір өрісіндегі деректерді түрлендіру 5. Кестенің бірнеше өрістеріндегі мәндерді өзгерту 6. Кестеден деректерді өшіру Дәрістің қысқаша мазмұны Деректердің санының өсуі, оларды сақтау және өңдеу қажеттілігінен, әртүрлі компьютерлік жүйелерде қызмет ететін МҚ-ң стандартты тілін құру сұранысы туындады. Шынында да, мұндай стандартты тіл қолданушыға деректерді дербес компьютерден, желілік жұмыс станциясынан немесе әмбебап ЭЕМ-да жұмыс істей отырып басқару мүмкіндігін береді. SQL (Structured Query Language)-бұл құрылымдық сұранымдар тілінің қысқартылған атауы, реляциялық МҚ-да деректерді құру және өңдеу құралдарын береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі, және SQL-ді реляциялық деректер қорының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен қолдауы оны МҚ стандартты тіліне айландырды. Реляциялық МҚ пайда болғанға дейін, көптеген МҚБЖ үшін құрылған барлық деректерді басқару тілдері, файлдардың логикалық жазулары түрінде берілген деректермен жүргізілетін операцияларға бағытталған. Әрине, бұл қолданушыдан

40 беттің 24-сі деректердің сақталуын, қандай деректер қажеттігін, олардың қайда орналасқанын және қалай алу жолдарын білу талапді етеді. Қарастырылып отырған SQL тілі логикалық байланысқан кесте-қатынастар жиынтығы түрінде берілген деректермен операциялар жүргізуге бағытталған. Осы тілдің құрылымының ерекшелігі өңдеу процедурасына емес, деректерді өңдеудің соңғы нәтижесіне бағытталуында. SQL деректердің, индекстердің қайда орналасқанын, және нәтиже алу үшін қандай операциялар тізбегін пайдалану керектігін өзі анықтайды, сондықтан бұларды МҚ-на сұранымдарда көрсетудің қажеті жоқ. Реляциялы МҚ теориясының пайда болуы екі кластарға бөлуге болатын, сұранымдар тілінің қатарын өндіруге түрткі болды: Қатынастарға қолданылатын, сұранымдарды арнайы операторлармен бейнелеуге мүмкіндік беретін алгебралық тілдер; Предикаттарды санау тілдері, берілген қатынастар жиынтығынан жаңа қатынасты анықтайтын, ережелер жиынтығы. Яғни, МҚ-ғы сұранымға жауап ретінде алынатын қатынастарды анықтау әдісі. SQL тілі кестелрмен және кестелердегі деректермен әрекет үшін арналған. Бұнда есептек процесін басқару операторлары жоқ (ауысу, бұтақталу, циклдар). SQL тілінде жазылған программаны SQL сұраныс деп аталады. SQL тілі Delphi жүйесіне ендірілген. SQL операторларымен жұмыс үшін ADOQuery компоненті қолданылады. SQL тілінің сұранысының екі түрі бар: статистикалық және динамикалық. Статистикалық сұраныс қосымшаны жасау барысында құрылады және де оны орындау кезінде өзгермейді. Динамикалық SQL сұраныстың мәтіні қосымшаны орындау барысында құрылады немесеөзгертіледі, сонымен қатар сұраныс парамертлері көмегімен. SQL тілінің өзінің көптеген диалектері және бірнеше стандарттары бар. SQL 92 стандарты Американдық стандарттар институтымен бекіиілген. (ANSI American National Standarts Organization), сондықтан оны ANSI стандарты немесе ANSI/ISO дейді. SQL де келесі негізгі оператолар жиынтығын ерекшелеуге болады: деректерді анықтау, деректерді өңдеу, деректерге жол ашуды басқару және транзакцияларды басқару. SQL тіліне басқа операторлармен қоса мыналар да кіреді: SELECT іріктеудің берілген критериі бойынша іріктеу үшін; CREATE TABLE жаңа кесте құру; DROPTABLE бар кестені жою; ALTER TABLE кесте модификациясы; CREATE INDEX жаңа индекс құру; DROP INDEX индексті жою; UPDATE берілген критериді қанағаттандыратын жазуларды модификациялау; INSERT берілген критериді қанағаттандыратын жазуды қосу; DELETE берілген критерий бойынша жазуларды өшіру. Delphi де SQL сұраныс мәтіні оның SQL қасиетінің мәні болып табылады. Ол қосымшаны жасау немесе орындау кезінде құрылады. ADOQuery компоненті

40 беттің 25-сі SQL орындалуын және қажетті деректер жинағын алуды қамтамасыз етеді. Деректер жинағын құру ADOQuery компонентін Open әдісімен активацияландырғанда және оның Active=True қасиетін орнатқанда орындалады. Кейде SQL - сұранысты орындағанда деректер жиынтығын алу қажеттігі туындамайды (мысалы, жазуды өшіру, қою немесе модификациялау кезінде). [3] SQL тілінде өріс массивтерімен жұмыс үшін төмендегі функциялар қолданылады: AVG ( ) орта мән; MAX ( ) максимальді мән; MIN ( ) минимальді мән; SUM ( ) барлық элементтер қосындысы; COUNT ( ) мәндер саны; COUNT (*) нөлдік емес мәндер саны; Жолдармен жұмыс функциялары: UPPER (str) Str символдарын жоғары регистрге түрлендіру. LOWER( ) Str символдарын төменгі регистрге түрлендіру. TRIM ( ) Str жолдың басындағы және соңындағы бос орынды жою. SUBSTRING (Str FROM n1 TO n2) n1 ден n2 нөмерге дейінгі символдан бастап Str-ден жолшаны (подстрока) бөлу. 1. Кестенің жеке өрістеріне деректер енгізу Кестеге деректер қосқанда барлық өрістерін емес, кейбіреулерін ғана толтыруға болады. Бұл жағдайда INSERT операторының келесі синтаксистік формасы пайдаланылады: INSERT INTO имя_таблицы (имя_поля_1.имя_поля_2 имя_поля_n) VALUES (значение_1.значение_2 значение_ N) Мысалы, СТУДЕНТЫ кестесіне жаңа студент туралы ақпарат қосқанда, студенттің толық аты туралы ақпаратты көрсетсе болғаны. Бұл жағдайда келесі операторды пайдалануға болады: INSERT INTO Студенты (Номер_зач_книжки.Имя. Фамилия.Отчество) VALUES (234. Абылгазина. Айнур. Кадыровна ) Бұл оператор орындалғанда басқа барлық өрістерге NULL мәні енгізіледі. Кесте атынан кейін жақша ішінде көрсетілмейтін өрістердің NOT NULL шектеуі болмайды, әйтпесе INSERT операторын орындау талабы табыссыз аяқталады. 2. Басқа кестедегі деректерді кестеге енгізу Кейде бір кестедегі ақпаратты екінші кестеге тасымалдау қажет болады. Бұл типтегі операцияларды INSERT опареторымен SELECT деректерді таңдау операторының комбинациясының көмегімен орындауға болады. INSERT және SELECT операторын біріктіріп, басқа кестеге сұраныс орындалуы нәтижесінде алынатын деректерді кестеге қогсуға болады. Бұл жағдайда INSERT операторының синтаксисі келесі түрде болады: INSERT INTOимя_таблицы(имя_поля_1.имя_поля_2 имя_поля_n) FROM имя_таблицы WHERE условие.

40 беттің 26-сі 3. Кестеде сақталатын деректерді өзгерту Кестеге енгізіліп қойылған деректерді өзгерту үшін UPDATE операторы пайдаланылады. Бұл опаретор кестеге жаңа жазу қоспайды, бар деректерді жаңаға ауыстырады. UPDATE операторы бір өріске де, бірнеше өрістерге де қолданылуы мүмкін. Өзгертілетін жазулардың саны қолданушы қажеттілігіне тәуелді- UPDATE көмегімен бір немесе бірнеше жазуларды өзгертуге болады. Кестенің бір өрісіндегі деректерді түрлендіру Кестенің бір ғана өрісіндегі деректерді өзгерту үшін UPDATE операторының қарапайым формасы пайдаланылады: UPDATE имя_таблицы SET имя_поля=значение [WHERE условие] UPDATE операторының синтаксистік элементтерінің мағынасы мынадай: UPDATEкілттік сөзінен кейін деректер түрлендірілетін кестенің аты көрсетіледі, SET кілттік сөзінен кейін аты берілген өріске жаңа мәді меншіктеу орындалады. Міндетті емес WHERE сөйлемінің көмегімен берілген шарт, түрлендірілетін жазулар санын анықтайды. 4. Кестенің бірнеше өрістеріндегі мәндерді өзгерту UPDATE операторының көмегімен бір уақытта кестенің бірнеше өрістерінің мәндерін өзгертуге болады. Ол үшін SET кілттік сөзінен кейін бір емес, бірнеше өрістерді көрсету керек: UPDATE имя_таблицы SET имя_поля_1=значение_1 имя_поля_2=значение_2 имя_поля_n=значение_ N [WHERE условие] 5. Кестеден деректерді өшіру Кестеден деректерді өшіру DELETE операторының көмегіен орындалады. Бұл оператор жеке өрістердегі деректерді емес, бүкіл жазуды толығымен өшіреді. DELETE операторының синтаксисі келесідей: DELETE FROM имя_таблицы [WHERE условие] Өшірілетін жазулар міндетті емес WHERE сөйлемінің көмегімен берілген шартқа сәйкес анықталады. WHERE сөйлемі DELETE операторында болмаса, деректер бүкіл кестеден өшіріледі. Бақылау сұрақтары 1. Сұраныс дегеніміз не? 2. ADOQuery компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеті, әдістері? 3. Сұранысты қалай орындау керек? 4. SQL дегеніміз не? 5. SQL қандай операторлары бар?